​ Киевте жарылыс болды – БАҚ

0
305

Астана уақыты бойынша сағат 6.07-де бүкіл Украинада әуе дабылы жарияланды.


​ Киевте жарылыс болды – БАҚ

ERNUR.KZ. Киевте жарылыс болды. Бұл туралы украиналық "Общественное" телеарнасы өзінің Telegram каналында хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Киевте жарылыстың дыбысы естілді", - деп жазылған хабарламада.
Украинаның цифрлық трансформация министрлігінің мәліметіне сәйкес Астана уақытымен сағат 6:07-де Украинаның барлық аумағында әуе дабылы жарияланған.
Сондай-ақ Украина қарулы күштерінің шабуылдарына жауап ретінде Ресей әскері УҚК жеке құрамы, техникасы мен жалдамалы жауынгерлері орналасқан жерлерге, сондай-ақ инфрақұрылымға: энергетика нысандарына, Украинаның қорғаныс өнеркәсібіне жүйелі түрде шабуыл жасап жатқаны хабарланды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков армияның тұрғын үйлер мен әлеуметтік мекемелерге шабуыл жасамайтынын бірнеше рет айтты.