«Қол жүгінен өрт шыққан»: Ұшақта литий қуаттағышы жарылып кетті

0
91

Экипаж өртті тез арада сөндірді. Бортта ешкім зардап шеккен жоқ.


«Қол жүгінен өрт шыққан»: Ұшақта литий қуаттағышы жарылып кетті

Фото: Видеодан алынған кадр

ERNUR.KZ. Қытайда Air China рейсінің бортында литий қуаттағышынан өрт шықты, деп жазады Skifnews.kz.

Оқиға 18 қазанда Ханчжоудан Сеулге (Инчхон) бағыт алған CA139 рейсінде болған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушылардың бірінің сөмкесіндегі литий қуаттағышы өздігінен тұтанған.

Экипаж өртті тез арада сөндірді. Бортта ешкім зардап шеккен жоқ.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшақ Шанхай Пудун халықаралық әуежайына жоспардан тыс қонуға мәжбүр болды.

Air China хабарлауынша, рейс таңғы сағат 9:47-де ұшып, Инчхонға 12:20-да жетуі керек еді.