Конгода Эболадан көз жұмғандар саны 150-ге жуықтады

0
94

​Эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр.


Конгода Эболадан көз жұмғандар саны 150-ге жуықтады

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Конго Демократиялық Республикасында Эбола безгегінен көз жұмғандар саны 149 адамға жетті, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы елдің Байланыс және БАҚ істері министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдарды бақылау деңгейі 60,5%-ды құрап отыр.

“ Ауру жұқтырғаны расталғандар саны 710 адамға жетті. Қазіргі уақытта Эбола вирусын жұқтырған 324 адам ауруханалар мен оқшаулау орталықтарында ем қабылдап жатыр. Өлім-жітім деңгейі – 21%. Байланыста болғандарды бақылау деңгейі – 60,5% , – делінген хабарламада.