Конгода жанартау атқылап, 5 мыңнан астам адам Руандаға қашты

0
861

Лаваның негізгі ағыны Гома қаласының солтүстік - шығыс шетіндегі әуежайға қарай жылжуда.


Конгода жанартау атқылап, 5 мыңнан астам адам Руандаға қашты

ERNUR.KZ. Конго Демкратиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Гома қаласының 5 мыңнан астам тұрғыны Ньирагонго жанартауының қатты атқылауына байланысты үйлерін тастап, көршілес Руандаға қашты, деп жазады ҚазАқпарат.

Адамдар жанартау лақтырған лава ағынынан қашып құтылды, деп жазды басылым. Құрбан болғандар туралы ресми мәліметтер әлі келген жоқ. Билік лава ағыны қауіп төндіретін қала аудандарының тұрғындарын эвакуациялау жоспарын іске қосты. Портал жанартаудың жанында орналасқан Гома қаласының маңына келтірілген ірі материалдық залал туралы хабарлады.

Actualite мәліметтері бойынша, лаваның негізгі ағыны Гоманың солтүстік - шығыс шетіндегі әуежайға қарай жылжуда.

Гомада 1,5 миллион адам тіршілік кешіп жатыр.

Африканың ең белсенді жанартауларының бірі Ньирагонгоның атқылауы сенбі күні кешке болды. Жанартаудың биіктігі 3 470 метрге жетті.