Коронавирус жұқтырған ресейлік әнші көз жұмды

0
650

​Әншінің күйеуі әйелімен бес жыл отасқанын айтты. Олар баланы тағатсыздана күткен, Джамиль деген есім таңдап қойыпты.


Коронавирус жұқтырған ресейлік әнші көз жұмды

ERNUR.KZ. Коронавирус жұқтырған ресейлік әнші Лилия Сабирова босану кезінде қайтыс болды, деп жазады sputniknews.kz.

Өкпесі зақымданғандықтан, әйелдің жағдайы ауыр болған. Нәресте өлі туды.

Әншінің күйеуі Гадель Галимзянов әйелімен бес жыл отасқанын айтты. Олар баланы тағатсыздана күткен, Джамиль деген есім таңдап қойыпты.


"Лидия ең мейірімді жан болатын. Бір-бірімізді сүйетін едік. Әрдайым уақытты бірге өткізетінбіз. Лилия бес уақыт намаз оқып, ауыз бекітетін еді", - деді Галимзянов.




Лилия Сабированы нәрестемен бірге Қазан қаласында жерледі.