Коронавирус жұқтырып, комада жатқан әйел сәбиін дүниеге әкелді

0
682

Індет белгілерінің асқынып бара жатқанын байқаған дәрігерлер жүкті әйелді ауруханаға жатқызып, табиғи комаға қосу туралы шешім қабылдайды.


Коронавирус жұқтырып, комада жатқан әйел сәбиін дүниеге әкелді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Вашингтон штатына қарасты Ванкувер қаласының тұрғыны жасанды комада жатып сәбиін босанды, деп хабарлайды Хабар24.

24 наурызда жасалған тест нәтижесі 27 жастағы Анджела Примаченконың коронавирус жұқтырғанын анықтаған. Індет белгілерінің асқынып бара жатқанын байқаған дәрігерлер жүкті әйелді ауруханаға жатқызып, табиғи комаға қосу туралы шешім қабылдайды.

Өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан кезде Примаченконың құрсағындағы сәби 33 апталық болған. Осы уақыт аралығында комада жатқан әйел қыз баланы дүниеге әкелді.

Нәресте дәрігерлердің бақылауында, оның аталған инфекцияны жұқтырмағаны расталды.