Коронавирусқа қарсы дуаға сенген денсаулық министрі қызметінен босатылды

0
385

Министр дұғаға сеніп қана қоймай, коронавирусты жұқтырудан қорғайтын сиқырлы ішімдік те сатып алған.


Коронавирусқа қарсы дуаға сенген денсаулық министрі қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Шри Ланкада коронавирусты жұқтырған науқастардың күрт көбеюіне байланысты денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды, деп жызады sputniknews.kz.

Бұған дейін денсаулық сақтау экс-министрі Павитра Ванняраччи коронавирусқа қарсы дуаға сенетіні үшін талай рет сынға ұшыраған. Тіпті дуагерден коронавирусты жұқтырудан қорғайтын сиқырлы ішімдік алған.

Алайда артынан COVID-19 жұқтырып, жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Бұдан бөлек, Ванняраччи Шри-Ланкада коронавирус эпидемиясын тоқтатамын деп, қасиетті суды өзенге төккен. Бірақ елде коронавирус жұқтырған науқастар одан азайған жоқ.

Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакс үкіметтің құрамын ауыстыруға шешім қабылдады. Денсаулық сақтау экс-министрі Павитра Ванняраччи көлік министрі қызметіне ауыстырылды. Ал оның орнына бұқаралық ақпарат құралдары саласын басқарған Кехелия Рамбуквеллеге келді.




Айта кетері, Шри-Ланкада эпидемия басталғалы бері 355 мың адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 6 096 науқас қайтыс болды. Бүгінде күн сайын 3 000 адамнан вирус анықталып жатады.