Еуропа ғалымдары омикронды коронавирустың ауыр штаммы алмастырады деп болжады.
ERNUR.KZ. Ұлыбритания мен Италия ғалымдары коронавирустың омикронға қарағанда ауыр және жұқпалы штаммының пайда болу ықтималдығын бағалады. Зерттеу Nature Reviews Microbiology журналында жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Мамандар омикронды алмастыратын SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штаммы иммунитеттің қорғанысын бұзып өтіп, өмірге қауіпті симптомдарды тудыруы мүмкін екенін атап өтті.
"Антигендік эволюция иммунитеттен бұлтарып, ауыр симптомдарды тудыратын коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін", - делінген зерттеуде.
Ғылыми жұмыста вирус эволюциясы жұққыштықтың жоғарылауымен және иммундық жауаптан айналып өту мүмкіндігімен анықталатыны айтылған. Аурудың ауырлығы, керісінше, эволюцияның жанама нәтижесі ғана.