Коронавирустың кімдерге жұқпауы мүмкін екені анықталды

0
838

Мұны АҚШ пен Швейцария ғалымдары зерттеген.


Коронавирустың кімдерге жұқпауы мүмкін екені анықталды

ERNUR.KZ. 2003 жылғы пандемия кезінде атиптік пневмониямен ауырған адамдар коронавирустың жаңа түріне төтеп беруі мүмкін. Бұл туралы АҚШ пен Швейцария ғалымдарының зерттеуінде айтылды, деп жазады 24.kz.

Жедел респираторлық синдром тудыратын SARS-CoV вирусы S-ақуызға бағытталған антиденелер өндірісін ынталандырады.

Мұндай денелердің бір түрі (S309) SARS-CoV2 S-ақуыз аймақтарын бейтараптандыруға қабілетті. Осылайша, атиптік пневмониямен ауырған адамдар коронавирусқа төтеп беруі мүмкін.

Зерттеушілердің пікірінше, мұндай антиденелерден жасалған коктейльдер COVID-19 ауыр түрлерін, сондай-ақ инфекция қаупі жоғары адамдарды емдеуде қолданылуы мүмкін.