Ресейде көтерлістің алдын алу шаралары күшейтілді.
Фото: Shutterstock.com
ERNUR.KZ. Мемлекеттік Дума қарулы көтеріліске қатысқаны үшін жазаны қатайтатын заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.
Министрлер кабинеті Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 279-бабына түзету енгізуді ұсынады.
Заң жобасына сәйкес, Ресейдің конституциялық құрылысын құлату, күштеп өзгерту немесе аумақтық тұтастығын бұзу мақсатында бүлік ұйымдастырғаны немесе оған жетекшілік еткені үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Қатысқандардың өзі 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Егер бүлік ауыр зардаптарға, соның ішінде өлімге әкеп соқтырса, 500 000-нан 1 миллион рубльге дейін айыппұлмен 15 жылдан 20 жылға дейін, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген.