Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны күрт өсті

0
648

Олардың көпшілігіне амбулаторлық көмек көрсетілген.


Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны күрт өсті

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Крокус Сити Холлдағы теракт салдарынан зардап шеккендер саны артқанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы шенеунік өзінің Telegam арнасында 29 наурызда бөлісті.

"Крокус Сити Холлдағы теракт құрбандарының саны 551 адамға жетті", - деді Мурашко.

Олардың көпшілігіне амбулаторлық көмек көрсетілгенін атап өтті.

Сондай-ақ, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің 28 наурыздағы мәліметі бойынша, 74 адам федералды мекемелердің ауруханаларында, Мәскеу облысы мен Мәскеудегі ауруханаларда ем алуды жалғастырды.

Олардың үшеуінің жағдайы өте ауыр - бұл оқтан ауыр жарақат алған, сондай-ақ оқ жарақаттары мен күйіктердің тіркесімі бар науқастар.