"Жарылыс қаупі бар": Тель-Авив – Вена рейсі Софияға шұғыл қонды

0
343

Austrian Airlines әуе компаниясының Airbus A320 жолаушылар ұшағы жарылыс қаупі туралы хабар түскеннен соң Болгария астанасына тоқтады.


Фото: dw.com

ERNUR.KZ. Бірақ, ұшақты тексеру барысында күдікті ештеңе анықталмаған, деп жазады inbusiness.kz.

Бортта 51 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, қауіп туралы мәлімет түскен соң Болгария астанасында ұшаққа тексеру жүргізілген. Бірнеше сағаттан кейін Austrian Airlines өкілдері тексеру нәтижесінде ешқандай қауіп анықталмағанын мәлімдеді.

Үш сағаттан кейін қайтадан әуеге көтеріліп, Венаға бағыт алды. Ұшақ межелі жеріне 19 қазанға қараған түні жетті.

Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ Болгария аумағының үстімен өтіп бара жатқада бортта жарылыс болуы мүмкін екені туралы дабыл түскен.

Болгария билігі Sky News арнасына ұшақ Софияға қонар алдында оны елдің әскери-әуе күштеріне тиесілі жойғыш ұшақ сүйемелдегенін хабарлаған. Әуежайда барлық жолаушы ұшақтан түсірілгені белгілі болды.