Қазақстанның бақылау-өткізу пунктінен сәтті өтіп, әрі қарай отандық шекара бекетіне барады.
ERNUR.KZ.Қырғыз Республикасының құс өсірушілер қауымдастығының мүшесі Мирлан Шерқұлов қазақ-қырғыз шекарасында алып денелі жігіттердің бизнесмендерден ақша талап ететінін айтты, деп жазады sputniknews.kz.
Оның айтуынша, 2017 жылы республикаға құс еті мен жұмыртқаны контрабандалық жолмен жеткізу көбейіп кеткен. Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес мемлекеттік қызметінің қызметкерлері құс өсірушілерді тартып, шекарада арнайы операциялар өткізе бастаған.
Шерқұлов және басқа кәсіпкерлер Қазақстанда жұмыртқа сатып алып, Қырғызстан шекарасына жеткізген. Қазақстанның бақылау-өткізу пунктінен сәтті өтіп, әрі қарай отандық шекара бекетіне барады. Осы жерде олардың жолын белгісіз ер адамдар бөгеп, тауарды алып өту үшін ақша талап еткен. Құс өсірушілер олардың талабын орындаудан бас тартады, мұның соңы төбелеске ұласады. Кәсіпкерлер өздерін қорғап, ақырында "Ақ-Жол" бақылау-өткізу пунктіне аман-есен жетеді.
"Мен шекарашыларға бізде құжат жоқ екенін, көлікте жұмыртқа, бізге Қырғызстанға өту керек екенін айттым. Олар өздеріне және милицияға ақша беру керек екенін айтты Мен оларға 5 мың сом бердім, одан кейін бізді жіберді. Одан кейін қаржы полициясы кірісті…Біз мұндай операцияларды көп өткіздік, бірақ бір аптаға ғана тыныштық орнайды, одан кейін жаңа ақша талап етушілер пайда болады. Олар бейтарап аймақта тәулік бойы жүреді", - деп әңгімеледі Шерқұлов.
Оның айтуынша, ақша талап етушілердің қызметін шекарашылар мен фитосанитарлық қызметтегілер пайдаланады. Осылайша олар параны үшінші адамдар арқылы алады.