Қырғыз президенті қарындасының артық ақша жұмсағаны үшін кешірім сұрады

0
582

Жапаровтың қарындасы мен болашақ күйеу баласы ТЖМ тікұшағын пайдаланған.


Қырғыз президенті қарындасының артық ақша жұмсағаны үшін кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Садыр Жапаровтың қарындасы Ләззат Нұрқожаеваға жігіті Оруу-Сай шатқалында сән-салтанатын келістіріп, үйленуге сөз салды. Ол жерге жастар ТЖМ-ның тікұшағымен ұшып келген. Болашақ жұбайлардың желіге тараған видеосын сынағандар көп болды. Қырғыз президенті қарындасы мен күйеу баласының ысырапшылдығы үшін халықтан кешірім сұрады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әлеуметтік желіде көпшілік «ел басшыларының туыстары басқаларға үлгі болу керек емес пе, бәрінің тікұшақ жалдайтын мүмкіндігі жоқ. ТЖМ-ға осы үшін тікұшақ алдырды ма? Президенттің өзі ысырап жасамайық деген еді ғой» деген пікірілер қалдырған.

Президент күйеу баласының қылығын қолдамайтынын жеткізді. Сонымен бірге ТЖМ-ға сатып алған жаңа тікұшақтар өздерінің құнын ақтасын деп коммерциялық мақсатта қолдануға рұқсат берілгенін атап өтті.

«Бұрын мен басқаларды сынайтын едім, енді өзімнің алдымнан шықты. Қарындасым үшін халықтан кешірім сұраймын. Әлі жас, бірақ қоғамның сыны көріп отыр. Содан сабақ алады деп ойлаймын», - деді Жапаров.