Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

0
477

Асқар Ақаев 1990-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болған, содан кейін қызғалдақ төңкерісінен кейін Ресейге қашып кеткен.


Қырғыз Республикасының экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

ERNUR.KZ. Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық қудалау адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Құмтөр" ісі бойынша Қырғыз Республикасының экс-президентіне билікті немесе қызметтік бабын асыра пайдаланып 1992 жылы "Камеко" компаниясымен келісім жасау және 2003 жылы "Құмтөр" жобасын қайта құрылымдау эпизодтарына немқұрайлылық танытқаны үшін айып тағылған болатын.

"Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық қудалау адамды қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды", - деп хабарлады Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы.

Асқар Ақаев 1990-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болған, содан кейін қызғалдақ төңкерісінен кейін Ресейге қашып кеткен.

"Құмтөр" – Қырғызстандағы ең ірі алтын кен орны.