Жаңа мәліметтер Қырғызстан Министрлер кабинетінің тапсырмасымен жүргізілген мұздықтар каталогын ауқымды жаңартудан кейін алынды.
ERNUR.KZ. Ыстықкөл қазаншұңқырындағы мұздықтардың ауданы қарқынды түрде кішірейіп бара жатыр. Қырғызгидромет мәліметінше, соңғы 70–90 жылда аймақ мұздықтардың 33,7%-ынан айырылған. Тек соңғы 7-10 жылдың ішінде бұл көрсеткіш 23,1%-ға төмендеді, деп жазады baq.kz.
Жаңа мәліметтер Қырғызстан Министрлер кабинетінің тапсырмасымен жүргізілген мұздықтар каталогын ауқымды жаңартудан кейін алынды. Жұмыс барысында мамандар барлық мұздықты қайта есептеп, олардың қазіргі шекараларын анықтады және мөлшері мен сипаттамалары туралы мәліметтер жинады.

«Каталогты дайындау кезінде Copernicus бағдарламасының Sentinel-2 спутниктік түсірілімдері, QGIS геоақпараттық жүйесі, Google Earth платформасы және алдыңғы зерттеулердің материалдары пайдаланылды. Нәтижесінде бөлінген, жаңадан түзілген және толығымен жойылған мұздықтар анықталды», – деп атап өтті Қырғызгидрометтің баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, мұндай өзгерістердің басты себебі – мұздықтардың ыдырауын жылдамдатып отырған климаттың өзгеруі.



