Қырғызстан аумағында 4 балдық жер сілкінісі болды

0
637

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 492 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.


Қырғызстан аумағында 4 балдық жер сілкінісі болды
ERNUR.KZ. 19 желтоқсан Алматы уақытымен түнгі 23:24 кезінде жер сілкінісі болды, деп жазады inform.kz.


Бұл мәліметті сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 492 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.4.

MPV магнитудасы — 4.4.

Тереңдігі — 10 шақырым.

«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.