Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 443 шақырым жерде.
ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 15 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 09:24-те жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 443 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.4. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.