Қырғызстан мемлекеттік Әнұранын өзгертуді жоспарлап отыр

0
220


Қырғызстан мемлекеттік Әнұранын өзгертуді жоспарлап отыр

ERNUR.KZ. Қырғыз парламентінің спикері Нұрланбек Шәкиев Қырғызстанның мемлекеттік Әнұранын қайта жазу жоспары туралы мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол Қара-Қырғыз автономиялық облысының 100 жылдығына және мемлекет қайраткері Иманалы Айдарбековтің 140 жылдығына арналған іс-шарада айтқан.
“Біз қазіргі әнұранды Кеңес Одағының құрамынан шыққан кезде қабылдадық. Қазір біз аяққа тұрып, даму жолында тұрған мемлекетпіз. Сондықтан біз әнұранды ауыстыруымыз керек. Ол 5 жастағы баладан 95 жасқа дейінгі қартқа дейін айта алатындай болуы керек”, – деді Шәкиев.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік әнұраны 1992 жылғы 18 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілген. Ол бастапқыда үш өлеңнен және хордан тұрды, бірақ Жогорку Кенештің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен екінші өлең алынып тасталды.