Туннель 15 метр тереңдікте қазылған.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Қара-Суй ауданына қарасты Тельман ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында Қырғызстан мен Өзбекстанды жалғайтын жалпы ұзындығы 270 метр жерасты туннелі анықталды, деп жазады tengrinews.kz.
Мәлімет бойынша, туннель 15 метр тереңдікте қазылған, кіреберістің өлшемдері 1,8 метр. Кіреберістен шекара сызығына дейінгі қашықтық 40 метр.
"Жоғарыда аталған туннель табылған учаскенің иесі қазіргі уақытта Жалал-Абад облысының Қызыл-Жар психиатриялық ауруханасында жатқанына байланысты есі дұрыстығына сараптама жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қару-жарақ пен қылмыс объектілері тәркіленіп жатыр", - делінген ведомствоның Facebook-тегі жазбасында.