Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс орын алды

0
548

Екі елдің шекара қызметі облыстық басқармаларының бастықтары арасында жанжалдың ушығуына жол бермеу бойынша телефон арқылы келіссөздер жүргізді.


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс орын алды

ERNUR.KZ. Баткен ауданының Бұлақ-Башы жерінде қызмет атқару барысында Қырғызстан МҰҚК ШҚ шекара жасағы Тәжікстан МҰҚК ШҚ шекара жасағына тап болды, олар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды бұзып, мемлекеттік шекараның сипатталмаған учаскесінде жауынгерлік позицияны басып алған, деп жазады inbusiness.kz.

Қырғыз тарапының аумақты босату туралы заңды талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырған, деп хабарлайды Қырғызстан МҰҚК ШҚ.

Бұған жауап ретінде Қырғызстан МҰҚК ШҚ шекарашылары да қару қолданды. Шекара жасақтары арасында атыс басталды, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды.

09:30-даға жағдай бойынша атыс оқтын-оқтын басталып, басылады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қырғыз тарапынан зардап шеккендер мен жараланғандар жоқ.

Екі елдің шекара қызметі облыстық басқармаларының бастықтары арасында жанжалдың ушығуына жол бермеу бойынша телефон арқылы келіссөздер жүргізді.

Тараптар кездесу өткізуді жоспарлап отыр.