Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай қайта шиеленісті

0
954

Қырғызстандағы шекараның учаскесі қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай қайта шиеленісті

ERNUR.KZ. Қырғызстанның шекара қызметі Тәжікстанмен шекарадағы шиеленіске байланысты тәртіпті күшейте түсті, деп жазады 24.kz

Себебі көрші елдің азаматтары қырғызстандықтардың көліктеріне тас лақтырды, оған жауап ретінде қырғыз шекарашысы аспанға оқ атқан.

Қырғыз шекарашыларының мәліметінше, сенбіде Тәжікстанның әскери күштері Қырғызстандағы Дамба мен Мақсат ауылдарына қарама-қарсы шекара маңында жиналған, сонымен қатар шекара бекеттерінің бірінде тәжік әскери күштері миномет орнатқан. Көп ұзамай Эки-Таштағы шекаралас аймақта оқ атылды.

«Оқиғадан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара заставаларының басшылары кездесті, олар жағдайды тұрақтандыру мақсатында қосымша шекара нарядтарын қойды. Тәжік тарапы оқиғаға қатысы бар адамдарды іздестіріп жатқанын хабарлады. Қырғызстандағы шекараның осы учаскесі қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды», – деп мәлімдеді ведомство өкілі.