2028-2029 жылдары Қазақстанда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың 3 объектісін іске қосу көзделген

0
124

2025 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін салу бойынша қытайлық компаниялармен 3 инвестициялық келісімге қол қойылды.


2028-2029 жылдары Қазақстанда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың 3 объектісін іске қосу көзделген

ERNUR.KZ. Инвестицияның жалпы көлемі 293 млрд теңгені құрайды, деп атап өтті ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев.

«Дайындық жұмыстары жүргізілуде, нысандарды 2028-2029 жылдары іске қосу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар полигондарда қалдықтарды көму көлемін қысқартуға және бір мезгілде электр және жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда еліміздің басқа өңірлерінде, атап айтқанда Қарағандыда осындай жобаларды іске асыру мәселесі пысықталып жатыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.