Жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 22 минут кезінде тіркелді.
ERNUR.KZ. Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 682 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп жазады ҚазАқпарат.
Жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 22 минут кезінде тіркелді.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 682 шақырым жерде, Қырғызстан мен Тәжікстан аумағында болған.
«Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 5 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.