​Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы мәселе шешілді

0
539

Тәжік тарапымен жүргізілген келіссөз аяқталып, тараптар уағдаластыққа келген.


​Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы мәселе шешілді

ERNUR.KZ. Чон-Алай ауданынан көшірілген тұрғындар кері қайтады. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Айтуынша, тәжік тарапымен жүргізілген келіссөз аяқталып, тараптар уағдаластыққа келген. Еске сала кетейік, кеше қырғыз-тәжік шекарасында жағдай қайта шиеленіскен еді.

Шиеленіске Тәжікстан тарапының Қырғызстанның 1 шақырымдай аумағына еніп, Унжу-Булак мекеніне контейнер қоюы және шекара маңына әскер мен техникасын шоғырландыруы себеп болған.

Осыған байланысты Қырғызстан шекара күзетін күшейтіп, сол маңдағы ауылдардан адамдарды эвакуациялаған.