Қырғызстан мен Тәжікстанда жанармай бағасы өсіп жатыр

0
1 344

Қырғызстан да жанармай бағасының қымбаттауының себебі Қазақстан мұнай өнімдері экспортын тоқтатқанымен, Ресейдің бағаны өсірумен байланыстырады.


Қырғызстан мен Тәжікстанда жанармай бағасы өсіп жатыр

ERNUR.KZ. Қырғызстан мен Тәжікстанда жанармай бағасы өсіп жатыр. Екі елдің билігі бағаны ұстап тұру үшін түрлі шаралар қолданып жатыр, бірақ сарапшылар жақын уақытта ол мүмкін емес дейді, деп жазады centralasian.org.

Қырғызстанда сәуір айында бензин бағасы 6 пайызға, дизель отыны 9 пайызға өсуі мүмкін деп хабарлайды Мұнай трейдерлері ассоциациясы.

Қазір қырғыз астанасында АИ-92 маркалы бензин 46,9 сом, дизель отыны 43,9 сом тұрады.

Ал тәжік астанасында бензин литрі 8,80, кейбір жерлерде 9 сомониден асады.

Осыған дейін Тәжікстанның монополияға қарсы қызметі жанармай бағасының өсуіне Қазақстан мұнай өнімдерін экспорттауды қысқартанымен байланыстырған. Себебі Атыраудағы табиғи ғаз өңдейтін зауыт жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша тоқтаған. Тәжікстан 90 процент табиғи газды Қазақстаннан алады. Дизель отынын Ресейден әкеледі.

Қырғызстан да жанармай бағасының қымбаттауының себебі Қазақстан мұнай өнімдері экспортын тоқтатқанымен, Ресейдің бағаны өсірумен байланыстырады. Оның үстіне былтыр эпидемиологиялық жағдайға байланысты мұнай өндіру көлемі азайған. Нәтижесінде Қырғызстан екі ай бұрын бір тонна бензинді 300 долларға сатып алса, қазір 500 доллардан сатып алады.