Екі елдің таулы аймақтарындағы қар көшкіні 16 ақпанда басталған.
ERNUR.KZ. Тәжікстан мен Қырғызстанда қар көшкіндері жүрді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
19 ақпанда Тәжікстанның таулы аймақтарында бірнеше қар көшкіні жүріп, көлік қозғалысы жабылды. 15-19 ақпан күндері Тәжікстанда 200 қар көшкіні, 7 саз көшкіні және 6 тасқұлама жүрді. Қар көшкіні салдарынан 19 тәжікстандық қаза тапты.
Оқиғаны республика үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің (ТЖК) баспасөз орталығы растаған.
«15 ақпанда қар көшкіні салдарынан еліміздің әртүрлі аймақтарында зардап шеккендер саны 15 адамға дейін өсті», - деп хабарлады баспасөз орталығы.
Тәжікстанның Таулы-Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласы мен Вандж ауданында 14 адам қаза тапқанын, тағы біреуі - Душанбе-Варзоб автожолының 65 шақырымында көз жұмағанын хабарланды.
Ал Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы Тогуз-Тороу ауданында қар көшкіні астында қалған 45 жастағы ер адамның денесі табылды.
Агенттіктің мәліметінше Қырғызстандағы Атай ауылының 1978 жылғы тұрғыны жылқы бағу үшін Ала-Жыга учаскесіндегі тауға шыққан. Қар көшкіні түсіп, тұрғын оның астында қалып қойған.