Қырғызстан мобилизациядан қашқан ресейліктерге босқын мәртебесін бермейтін болды

0
608

Депутаттар екінші оқылымда үкімет ұсынған "Азаматтық хал актілері туралы" заңға өзгерістер енгізуді талқылады.


Қырғызстан мобилизациядан қашқан ресейліктерге босқын мәртебесін бермейтін болды

ERNUR.KZ. Ел Парламенттің көлік, коммуникация, сәулет және құрылыс комитетінің отырысында осындай шешім қабылданды, деп жазады ulysmedia.kz.

Агенттіктің жазуынша, депутаттар екінші оқылымда үкімет ұсынған "Азаматтық хал актілері туралы" заңға өзгерістер енгізуді талқылады.

Құжаттың бастапқы нұсқасында Ресейде ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін Қырғызстанға келген ресейліктерге босқын мәртебесін беру қарастырылған. Алайда бірқатар депутаттар бұл бастамаға қарсы шығып, құжатты нақтылауды сұрады.

"Егер құжаттың пысықталған түрін қарастырар болсақ, жұмылдырудан кейін келген ресейліктер босқын мәртебесін ала ма?"- деп сұрады депутаттардың бірі.

Үкімет өкілі мұндайға жол берілмейтінін айтты.

"Екі жыл ішінде ешкімге босқын мәртебесі берілмеді. 20 жыл ішінде 159 адам осы мәртебеге ие болды. Заң жобасымен біз өз құжаттарымызды сәйкестендіргіміз келеді. Бұл заң ешкімге босқын немесе азаматтық мәртебесін беру тақырыбын қозғамайды", - деді ол.