Жапаровтың баспасөз хатшысы Қырғызстан президентінің туысы ұсталғанын растады
Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Қырғызстан президентінің туысы ұсталғанын растады, деп жазады inbusiness.kz.
"Ұсталған Ұлан Жапаровқа қатысты оның Мемлекет басшысының туысы екенін растаймыз. Ол кедендегі мәселелерге байланысты сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысты деп күдіктелуде. Бұл туралы білген Президент Жапаров күдіктілерге қатысты барлық заңды шараларды қабылдауды талап етті. Кез келген азамат өзінің туыстық немесе басқа байланыстарына қарамастан, қылмыс немесе құқық бұзушылық жасалған жағдайда заңның барлық қатаңдығы бойынша жауапқа тартылады. Егер іс Сыбайлас жемқорлыққа байланысты болса, онда залалды міндетті түрде өтеу керек. Бұл Мемлекет басшысының талабы", - деп жазды Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев.
Еске салайық, Қырғызстан президентінің інісі 32 жасар Ұлан Жапаров Бішкектің 1-тергеу изоляторында қамауға алынды.