Қырғызстан президентінің немере інісі ұсталды

0
429

Садыр Жапаров аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.


Қырғызстан президентінің немере інісі ұсталды

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында немере інісі Ұлан Жапаровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Қазіргі заман басқа. Бәріне деген көзқарас бірдей болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қатысың болса, онда кім болсаң да ұсталасың. Келтірген шығынды мемлекетке екі есе етіп төлейсің, содан соң шығасың. Төлемесең, отыра бересің. Егер ол менің немере інім болғандықтан ғана ұсталмаса, басқа туыстарым да араласа бастар еді. Қырғызда «Бір жаза мыңға сабақ» деген мақал бар», – деп түсіндірді С. Жапаров.

Айта кетсек, Қырғызстан президентінің немере інісі Ұлан Жапаровқа сыбайлас жемқорлық бабы бойынша айып тағылып отыр. Істі елдің ІІМ Тергеу қызметі тергеп жатыр. Күдікті – Қырғызстан президентінің немере ағасы Рақымжан Жапаровтың ұлы.