Қырғызстан Тәжікстанмен шекараны күшейтті

0
1 361

Қырғыз-тәжік шекарасының қашықтығы 970 шақырымдай болса, оның 519 шақырымы ғана бекітілген. Биыл жазда екі өлкенің шекарасында қарулы жанжал болып, ондаған адамның өмірі қиылып, жүздеген адам жарақат алған.

Қырғызстан Тәжікстанмен шекараны күшейтті

ERNUR.KZ. 26 желтоқсанда қырғыз-тәжік мемлекеттік шекара аймағындағы шекара қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Осылай деп Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады, деп жазады centralasian.org.

25 желтоқсанда сағат 14.30 шамасында Лейлек ауданы Сай ауылы маңында Тәжікстанның шекарашылары миномет орналастырған.

Сонымен бірге Қырғызстанның Дамба және Мақсат ауылдарының тұсында тәжік әскерлерінің топталғаны байқалған. Телефон арқылы сөйлесуден кейін тәжік тарапы минемотті алып кеткені белгілі болды.

Одан бөлек сағат 19.30 шамасында Ош-Баткен-Исфана тас жолының Көк-Таш ауылының Эки-Таш аймағында Тәжікстанның 3-4 азаматы қырғызстандықтардың көліктеріне тас лақтырған. Одан көліктерге зиян келген, бірақ адамдар жараланбаған. Оқиға болған жерге барған қырғыз шекарашылары көкке үш рет оқ атқаннан кейін, тәжік азаматтары қашып кеткен.

Оқиғадан кейін екі елдің шекара бекетінің басшылары кездескен. Тәжік тарабы оқиғаға қатысы бар адамдарды іздеп жатырмыз деген.