Қырғызстанда 15 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған

0
540

Зорлық-зомбылық құрбаны ұзақ мерзімді оңалтуды қажет етеді.


Қырғызстанда 15 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Ош қаласында 15 жастағы қыз бір айдан астам уақыт сексуалдық құлдықта болған, деп жазады inform.kz.

Жасөспірімнің өкілі Жахангир Сайфуллаев Қырғызстанның ақиқатшысы (омбудсмені) Жәмила Жаманбаеваға хабарласты. Ол зардап шеккен қыз бала бағынбағаны үшін жазаланғанын және барлығы бейнеге түсіріліп, қазір желідегі мессенджерлерде таралып жатқанын айтты.

«Бейнежазбада қыздың зорлық-зомбылық көргені туралы сұмдық кадрлар көрсетілген. Олар оны ұрып-соғып, зорлық-зомбылықпен қорқытып, жалаңаш шешіндіріп, қасын пышақпен қырып тастаған. Жасөспірім интимдік қызмет көрсету үшін әртүрлі ер адамдарға «сатылған». Ол тозақтың барлық шеңберінен өтті», - деді ол.

Ж.Жаманбаева құқық қорғау органдарының басшыларын зорлық-зомбылық көрген 15 жастағы қыздың құқығын қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырады. Қазір оған заңгерлік көмек көрсетіліп жатыр. Зорлық-зомбылық құрбаны ұзақ мерзімді оңалтуды қажет етеді. Ол қылмысқа қатысқандардың барлығы бостандықта жүргендіктен өз өмірі үшін қорқады. Ақиқатшы құқық қорғау органдарынан адам саудасының құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шара қабылдауды талап етеді.

«Балаларды саудалағандар заң шеңберінде барынша жазалануы тиіс. Мұндай ашық қылмысқа қатысы бардың барлығы табылып, жазалануы керек», - деп талап етті Д.Жаманбаева.

Еске сала кетсек, дәл осындай жағдай Қызылордада да болған еді. Мектеп оқушылары сыныптасын сексуалдық құлдықта ұстады деген күдікке ілінді. 16 жастағы қызды бір топ жасөспірім күштеп ұстап алып, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кейін Қызылорда облысының әкімі жауапты органдардың жұмысын сынға алып, бірқатар шенеунікті қызметінен босатты. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева оқушы қызға қандай көмек көрсетілгенін айтты.

Жәбірленушінің үйі тәулік бойы күзетіліп жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі 8 күдікті қамауға алынғанын хабарлады.