Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтірген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды

0
227

Бішкекте 17 жастағы Айсулууды өлтірді деген күдікке ілінген Құмарбек Абдыров №1 тергеу изоляторында өлі табылды.


Қырғызстанда 17 жастағы қызды өлтірген күдікті тергеу изоляторында көз жұмды

Фото: aif.ru

ERNUR.KZ. Бұл ақпаратты Мемлекеттік жазаларды орындау қызметі растады, деп жазады inbusiness.kz.

Kaktus.media-ның жазуынша, Абдыров №21 камерада өз шалбарын торлы есіктің ішкі бөлігіне байлап асылған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, ер адам оқиға орнында қайтыс болған.

Тергеу-жедел тобы мен прокуратура өкілдері оқиға орнында жұмыс істеп, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Абдыров 2025 жылғы 17 желтоқсанда уақытша ұстау изоляторынан СИЗО-1-ге ауыстырылған.

Айта кетейік, 17 жастағы Айсулуу 2025 жылғы 27 қыркүйекте Ыстықкөл облысы, Жеті-Өгіз ауданында жоғалып кеткен. Сол күні ол Барскоон ауылынан Жеңіш ауылындағы құрбысына бара жатқан. Кейін бейнебақылау камералары қыздың Honda Stream көлігіндегі ер адаммен бірге отырғанын жазып алған. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті қызды алма бағына апарып, зорлық әрекетін жасап, кейін өлтірген. Оның денесі Боом шатқалынан табылды.

Абдыров алты әйелге шабуыл жасады деген күдікке ілінген, олардың төртеуі қаза тапқан. Оның ішінде 19 жастағы Камила Дүйшебаева да бар. Құқық қорғау органдары құрбандар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.