Қырғызстанда 4,6 балдық жер сілкінісі болды

0
257

Жер сілкінісі жексенбіде сағат 23:44-те (Астана уақыты бойынша 22:44) тіркелген.


Қырғызстанда 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Фото:depositphotos.com

Қырғызстанда магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, бұған Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайтта жарияланған ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 139 шақырымда және Ноокаттан оңтүстік-шығысқа қарай 125 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісі жексенбіде сағат 23:44-те (Астана уақыты бойынша 22:44) тіркелген, оның ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.