Қырғызстанда алапат сел көшкінінен бес адам қаза тапты

0
890

Сел Ош облысындағы Ноокат ауданында орын алған.


Қырғызстанда алапат сел көшкінінен бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Олардың мүрдесін полицейлер мен жергілікті тұрғындар тауып алған, деп жазады inbusiness.kz.

Сел Ош облысындағы Ноокат ауданында орын алған.

Қырғыстан төтенше жағдайлар министрлігі дағдарысты басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Оторбеков оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

"Өзен жағасындағы Әбшыр-Ата ауданында 6 адам сәкіде демалып жатқанда, барлығын сел алып кеткенін. Полицейлер мен жергілікті тұрғындар бес адамның мәйітін тауып алғандарын айтты", – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері сел салдарын жою, қаза болғандар мен зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізуде.