​Қырғызстанда әскери қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

0
132

1 шілдеден бастап күш құрылымдары офицерлерінің жалақысы орта есеппен 35%-ға артады, ал 1 қарашадан бастап келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің жалақысы осыншама өседі.


​Қырғызстанда әскери қызметкерлердің жалақысы көтеріледі

Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қырғызстанда 1 шілдеден бастап күш құрылымдары офицерлерінің жалақысы көтеріледі, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу құрметіне сөз сөйлеуі кезінде айтты.

Қырғызстан басшысының айтуынша, 1 шілдеден бастап күш құрылымдары офицерлерінің жалақысы орта есеппен 35%-ға артады, ал 1 қарашадан бастап келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің жалақысы осыншама өседі.
— Биылғы жылдың басынан әскери қызметкерлердің отбасылары қоғамда өздерін сенімді әрі абыройлы сезінуі үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы, сондай-ақ уақытша тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақшалай өтемақы мөлшері арттырылды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күш құрылымдары қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 35 пайызға артады, ал 1 қарашадан бастап келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілердің жалақысы да осыншама мөлшерде өседі, — деді ол.