Қырғызстанда да пияз экспортына тыйым салынды

0
551

Қазақстан мен Тәжікстаннан кейін көршілес Қырғыз елінде де пияз экспорты тоқтатылды.


Қырғызстанда да пияз экспортына тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Министрлер Кабинеті пияз экспортына уақытша тыйым салу туралы қаулы қабылдады. Бұл 24.kg республиканың ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Тыйым 31 Қаңтарда енгізілді және үш айға созылады.

Аграрлық ведомство хабарлағандай, бұл шара азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, атап айтқанда, пияз, шалот, порей және балғын немесе салқындатылған басқа да пиязды көкөністердің бағасын ұстап тұру үшін қабылданды.

Бұған дейін Қазақстан мен Тәжікстан билігі пияз экспортына тыйым салғаны хабарланған болатын.