Қырғызстанда электромобиль шығарыла бастайды

0
204

Зауыт осы жылдың үшінші тоқсанында іске қосылмақ.


Қырғызстанда электромобиль шығарыла бастайды

Фото: 3dnews.ru

ERNUR.KZ. Қырғызстанда таяу арада электр қозғалтқышымен жүретін жеңіл, коммерциялық және арнайы мақсаттағы көліктер құрастырыла бастайды, деп жазады inbusiness.kz.

Елдің экономика және коммерция министрлігінің дерегінше, бастапқыда көліктер ірі торапты құрастыру әдісімен шығарылады. Кейін шағын торапты құрастыруға, одан соң толық өндірістік циклге көшу жоспарланып отыр. Жаңа көліктер BARS ұлттық брендімен шығарылмақ.

Ведомствоның хабарлауынша, өнімдер ішкі нарыққа сатылып қана қоймай, Орталық Азия мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де экспортталады. Зауытта жылына 10 мыңға дейін көлік шығарылады деп жоспарланып отыр.

Кәсіпорын 15 гектар аумақта орналасады. Мұнда 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда жұмыстардың 75 пайызы аяқталған.

Зауыт 2026 жылдың үшінші тоқсанында іске қосылады деп көзделіп отыр. Жобаны қаржыландыру толығымен бастамашының өз қаражатына жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет жер телімін ұсынған.

Бұл ретте Қырғызстанның Экономика министрлігі жобаны кім жүзеге асырып жатқанын және өндірісті іске қосуға қанша қаражат жұмсалатынын нақтыламады.