Қырғызстанда қаңтардан бастап жанармай салығы енгізіледі

0
196

Жогорку Кенеш құжатты биылғы 20 қарашада қабылдаған.


Қырғызстанда қаңтардан бастап жанармай салығы енгізіледі

Фото: qyzylqoga.kz

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Жол қоры туралы" заңға өзгерістер енгізді. Заң 2025 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, заңның мақсаты – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының және жол инфрақұрылымының жай-күйін жақсарту жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін республикалық бюджеттің кіріс бөлігін арттыру.

Заңмен салықтық емес кірістер туралы Кодекске өзгерістер енгізіледі. Оған сәйкес автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға, салуға және реконструкциялауға алымдар көзделіп отыр. Алымдарды бензин мен дизель отынын импорттайтын және/немесе өндіретін субъектілер төлейді. Қырғызстанда жанар-жағармайдың әр литріне 1 сом алынады.

"Бұл алымдар тікелей Қырғызстанның жол қорына түседі және тек автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға, салуға және реконструкциялауға жұмсалады", - делінген хабарламада.