Салықтан босату 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін оны төлемегендерге де қатысты болатынын қосты.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көлік құралдарына салынатын салықты алып тастау және бизнес қарыздарын кешіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысы Facebook-парақшасында хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
Жарлыққа сәйкес, үкімет екі ай ішінде көлік құралдарына салынатын мүлік салығын жою туралы заң жобасын әзірлеуі керек.
"Мен автокөлікке салынатын салықты толық жою туралы тапсырма бердім", – деді президент, бұл салықтың орнына 1 қаңтардан бастап әрбір көлікке құйылған жанармайдың әр литрі үшін 1 сом алынатынын түсіндіріп.
Сондай-ақ, ол салықтан босату 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін оны төлемегендерге де қатысты болатынын қосты.