Бір әйел зардап шекті.
Фото: oxu.az
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Шу облысында көшкін жүріп, жеті көлік құралы қар құрсауында қалды. Бұл туралы көрші елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға Бішкек–Ош автожолының 132-ші шақырымында болған. Қардың көлемі шамамен 3500 текше метрге жеткен.
"Қар көшкіні алты жолаушылар көлігін, сондай-ақ Sprinter маркалы шағын автобусты басып қалды. Жеңіл көліктердің бірі толығымен қар құрсауында қалды", – деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар бұл көліктен төрт адамды шығарды. Бір әйел зардап шекті, ол жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
Трассаны қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын маңдағы посттарда жеңіл автомобильдердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді.