Қырғызстанда мобилизациялау шарты өзгерді

0
871

Сонымен қатар 30 жасқа толмаған (бірінші санаттағы запастағы және жоғары білімі бар) әскери қызметке міндетті тұлғалардың запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша мобилизациялық резервіне даярлаудан өту шегі ұлғайтылды.


Қырғызстанда мобилизациялау шарты өзгерді

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Қырғыз Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс саласында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қырғыз Республикасының заңына қол қойды, деп жазады zakon.kz.

Осы заң арқылы "Қырғыз Республикасындағы мобилизациялау дайындығы және мобилизациялау туралы" заңға өзгерістер енгізілді, соған сәйкес мобилизациялау органдары туралы ережені президент бекітеді.

Сондай-ақ "Қырғыз Республикасы азаматтарының жалпыға бірдей әскери міндеті туралы, әскери және баламалы қызмет туралы" заңның әскери қызметшілерге әскери қызметте болу шекті жасын ұлғайту бөлігінде де түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар 30 жасқа толмаған (бірінші санаттағы запастағы және жоғары білімі бар) әскери қызметке міндетті тұлғалардың запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша мобилизациялық резервіне даярлаудан өту шегі ұлғайтылды. Заң денсаулығына байланысты шектеу дәрежесі бар адамдарды баламалы қызметке шақыруды көздейтін нормамен толықтырылды.