Қырғызстанда сел кезінде жоғалған баланың денесі табылды

0
366

Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде төрт адам ұшты-күйлі жоғалып кетті.


Қырғызстанда сел кезінде жоғалған баланың денесі табылды

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды, деп жазады inform.kz.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған Н.С.-ның денесі табылды.

Баланың денесі «Достук» бақылау-өткізу бекетінде қырғыз тарапына берілді. Жоғалған әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде төрт адам ұшты-күйлі жоғалып кетті.

14 шілдеде Ошта төтенше жағдай режимі енгізілді.