Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза тапты

0
693


Қырғызстанда сел жүріп, бес адам қаза тапты

ERNUR.KZ Ақпаратты жергілікті 24.kg басылымына ТЖМ дағдарыс жағдайларын басқару орталығы басшысының орынбасары Байзақ Отарбеков растаған, деп жазады BAQ.KZ.



“Ол өзен жағасындағы Әбшыр-Ата ауданында 6 адам сәкіде демалып жатқанда, барлығын сел алып кеткенін, полицейлер мен жергілікті тұрғындар бес адамның мәйітін тауып алғандарын айтты, – делінген хабарламада.

Қазір төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері сел салдарын жою, қаза болғандар мен зардап шеккендердің жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізуде.