Жарылыс салдарынан әйел мен оның қасында болған он екі жасар қызы жарақат алды.
Фото: АКИpress
ERNUR.KZ. Тәжікстанмен шекаралас Баткен облысының Лейлек ауданы Арқа-2 ауылында тұрғын үйлердің бірінде белгісіз жарылғыш зат жарылған, деп жазады inform.kz.
Оқыс оқиға 5 қаңтарда болған.
Қырғызстан Республикасы ҰҚМК Шекара қызметінің алдын ала мәліметінше, жарылысқа үй иесі ескі құрылыс материалдарының арасынан тауып алған снаряд себеп болған.
Жарылыс салдарынан әйел мен оның қасында болған он екі жасар қызы жарақат алды.
Анықталғандай, 2022 жылы олардың үйі атқылау салдарынан өртеніп кеткен.
Қазіргі кезде зардап шеккендер ауруханада жатыр, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Олардың денсаулық жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.
— Сонымен қатар, сол күні Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының құқық қорғау органдарының өкілдері арасында кездесу өтіп, онда тәжік тарапы болған оқиға туралы хабардар етілді. Қырғыз Республикасы ҰҚМК Шекара қызметі шекаралас аймақтардың тұрғындарын қырағы болуға және табылған күдікті заттарға қол тигізбеуге, дереу шекара бөлімшелеріне немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады, — делінген хабарламада.