Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
ERNUR.KZ. Қырғызстанда тағы да сел тасыды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әсіресе, Ноокат ауданында қауіп жоғары.
Kaktus Media жазғандай, Қырғызстан ТЖМ сағат 20:15 шамасында Ош облысының Көк-Жар ауылдық округінде Жийде ауылында қатты жаңбыр салдарынан сел тасқыны басталғанын хабарлады.
Ош-Баткен-Разаков тас жолы су астында қалды. Қазір ТЖМ қызметкерлері жолды тазалап, автомобиль қозғалысын ішінара қалпына келтірді.