Депутат Марлен Маматалиевтің айтуынша, елдегі кішкентай баладан бастап ересектерге дейін VPN қызметін пайдалана отырып, TikTok әлеуметтік желісін еш қиындықсыз пайдаланып келеді.
Фото: Pexels
ERNUR.KZ. Жогорку Кенеш отырысында депутаттар Қырғызстан үкіметіне TikTok-ты бұғаттан шығарып, елде оның өкілдігін ашу ұсынысын жасады, деп жазады inform.kz.
Депутат Марлен Маматалиевтің айтуынша, елдегі кішкентай баладан бастап ересектерге дейін VPN қызметін пайдалана отырып, TikTok әлеуметтік желісін еш қиындықсыз пайдаланып келеді.
- Біз қызметке тыйым салғанымызбен, іс жүзінде ол жұмыс істеп тұр. Елімізде оның өкілдігін ашу қажет. Орталық Азиядағы TikTok директоры Қырғызстанда кеңсе ашуға және барлық сигналдар бойынша құқық қорғау органдарымен жұмыс істеуге, деструктивті күштердің орналасқан жерін анықтауға көмектесуге және қажет болған жағдайда оларға тосқауыл қоюға дайын. Тиісті органдардың осы ұсынысты қарауын сұраймын, - деді ол.
Депутат Дастан Бекешев әріптесінің TikTok-ты блоктан шығару қажеттігі туралы ұсынысын қолдады.
– Бұл біздің кәсіпкерлер үшін жақсы жарнама алаңы. TikTok көмегімен туристерге тамаша жерлерімізді көрсетуге болады, деп атап өтті депутат министрлер кабинетінен қызметке тосқауыл қоюды алып тастауды сұрап.