Қырғызстанда төтенше жағдайдың күші жойылды

0
721

Қырғызстанда коронавирус індетіне орай қабылданған төтенше жағдай тоқтатылды.


Қырғызстанда төтенше жағдайдың күші жойылды

ERNUR.KZ. Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталғандықтан үкімет осындай шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Қырғызстанда төтенше жағдай 2020 жылдың наурыз айында жарияланған болатын. Сол кезде науқастар саны күрт өсіп, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауы бойынша үкімет аурудың тарауына қарсы шұғыл шаралар қабылдаған еді.

Өзге елдер секілді шекара мен әуе кеңістігін жауып, теміржол мен автокөлік қатынасын тоқтатуға тура келді.

Бұл шаралар өлім-жітім көрсеткішін азайтып, жұрт дельта мен омикрон штамдарының ерекшеліктерін біле бастады. Биыл көктемде Қырғызстан мен Қазақстан арасында автокөлік қозғалысы қайта жанданды.