ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан контингенттері қатысып жатыр.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның "Эдельвейс" полигонында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының үш бірдей оқу-жаттығулары басталды, деп жазады sputnik.kz.
"Өзара әрекет-2024" – шұғыл әрекет ететін ұжымдық күштердің командалық-штабтық оқулары. "Барлау-2024" жаттығуларына барлау қызметтері қатысса, "Эшелон-2024" кезінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету құралдары мен күштері өз дайындығын шыңдайды.
ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан контингенттері қатысып жатыр. Олардың ішінде ішкі істер органдарына қарасты арнайы жасақтар, қауіпсіздік қызметтері, төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысатын органдар, сондай-ақ, ҰҚШҰ хатшылығы мен бірлескен штабтың шұғыл топтары бар.
Барлығы 1 500 әскери қызметші мен 300-ге жуық қару-жарақ, әскери және арнайы техника, соның арасында авиация, ұшқышсыз аппараттар, жауынгерлік катерлер және әуе қорғанысы құралдары жеткізілді. ҰҚШҰ делегациясы оған дейін Ұлы Отан соғысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шараға Қырғыстанның қарулы күштері ұлттық ұланның құрметті қарауылы да қатысты.