Залалды анықтау бойынша құрылған аудандық комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.
Фото: kabar.kg
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Нарын облысында 12 мамырда болған екі жер сілкінісі салдарынан 99 тұрғын үй, 3 мектеп, мәдениет үйі мен дүкен зақымданды, деп жазады inform.kz.
Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Көк-Жар ауылындағы 36 тұрғын үйде, Жаңа-Талап ауылында 28 үй және Мәдениет үйінде, Ақ-Қия ауылында 21 үй және мектепте, Қадыралы ауылында 7 үй, мектеп және дүкенде, Қара-Ойда — 7 үй және мектеп қабырғаларында жарық пайда болды. Оның ішінде зақымданған 46 тұрғын үй сақтандырылған, 53-і сақтандырылмаған.
Залалды анықтау бойынша құрылған аудандық комиссия жұмысын жалғастырып жатыр.